«Қамқоршылық» кеңесінің жылдық жоспары
№ |
Атқарылатын іс-шаралар |
Мерзімі |
Жауапты |
1. |
Мектепте «Қамқорлық» кеңесін құру, мүшелерін сайлау, жоспарын бекіту Жалпыға міндетті білім беру қорынан бөлінген қаржыны бөлу |
Тамыз |
жауапты орынбасар
|
2. |
Мөлтек аудан бойынша әлеуметтік қамқорлыққа алынатын оқушылардың тізімін сынып жетекшілермен бірлесе анықтау және әлеуметтік диагностика жасау: тұл жетім; жартылай жетім; оралман; көпбалалы; оралман және аз қамтамасыз етілген отбасы балалары. |
Қыркүйек |
Сынып жетекшілер |
3. |
- Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларды, аз қамтамасыз етілген отбасы және көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету. - Мектеп асханасын жалдаушылары тарапынан келісімшарт құра отырып, оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету. |
Қыркүйек |
Кітапхана қызметкері сынып жетекшілер |
4. |
Мектеп әкімшілігімен және сынып жетекшілермен бірлесе ҚР «Баланың құқығы туралы» заңы мен БҰҰ «Баланың құқықтары туралы» халықаралық конвенцияны және ҚР «Неке және отбасы Заңын» талқылау |
Қазан |
Кеңес құрамы
|
5. |
- Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылардың үйлеріне тұрғын-жай актісн жүргізу, атында мүлкі бар немесе жоқтығын, оның сақталуын анықтау. - аз қамтамасыз етілген отбасы, көпбалалы отбасы және жартылай жетм оқушылардың үйлеріне тұрғын-жай актісін жүргізу |
Жылына 2 рет
Жылына 1 рет |
Сынып жетекшілер |
6. |
- Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларды бақылау және әлеуметтік педагогикалық жұмыстар жүргізу; - Аз қамтамасыз етілгген оқушылармен әлеуметтік-психологиялық диагностикалық жұмыстарын атқару |
Қараша |
, Педагог-психолог |
7. |
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларды жаңа жылдық шыршаға алып бару және мерекелік сыйлықтар ұйымдастыру |
Желтоқсан |
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар |
8. |
- Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларды, аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан балаларды тегін ыстық тамақпен және әлеуметтік көмектер көрсету; - «Қамқорлық» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастыру; |
Қаңтар |
Сынып жетекшілер. Тәрбие ісі жөніндегі орын. |
9. |
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылардың әлеуметтік ортасына зерттеу жұмыстарын жүргізу; Қиын және құқықбұзуға бейім балалармен әлеуметтік-психологиялық жұмыстар атқару |
Ақпан |
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Педагог-психолог |
10. |
«Мен және Заң» тақырбы бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен дөңгелек үстел өткізу |
Наурыз |
Тарих пән мұғалімі |
11. |
Аз қамтамасыз етілген отбасы балаларының бос уақытын қалай өткізетіндігі жөнінде «Менің қызығушылығым» тақырыбында сауалнама жүргізу |
Сәуір |
Педагог-психологтар |
12. |
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылардың қамқоршыларымен әңгіме өткізу, есебін алып тұру |
Жылына 2 рет |
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
|
13. |
- 1 маусым – Балаларды қорғау күніне байланысты қабырға газеттерін шығару, мәдени-іс шара ұйымдастыру және оқушыларды қатыстыру - Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларды жазғы сауықтыру лагерлерімен қамтамасыз ету |
Маусым, шілде |
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары тәлімгер |
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Шарипова Р.К.